Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫЗЫЛҚОҒАЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР АТЫРАУДА МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ҚОЙДЫ

«Қазақстан — ынтымақ, достық, бейбітшілік кепілі» атауымен ұлттық өнер мен қазақылықты дәріптеп жүрген аудан өнерпаздары жазғы мезгілде ашық аспан астында қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бағдарлама «Ақжелең» халықтық фольклорлық ансамблінің «Торы жорғасымен» және аталмыш ансамблдің сүйемелдеуімен Ләззат Тастаеваның орындауында «Ахау керім», «Біздің ауыл тамаша» әнімен басталып, «Туған жер», «Сал, домбыра», «Атырау-асыл мекенім», «Сақ арулары», «Тәуелсіз елім», «Мөлдірім», «Ойылым», «Ағады Жайық, ағалы», «Илигай», «Тәуелсіздік толғауы», «Елім менің», «Елге тілек» секілді бірқатар патриоттық, жергілікті ақын сазгерлердің әні мен сөзіне жазылған шығармаларға ұласты. Сондай-ақ, «Әдемі», «Жан сыры», «Арман», «Аяла», «Өкінбе сен» атты заманауи әндер шырқалса, «Ойыл аруы», «Жұлдыз-ай» үлгілік би ұжымы бишілерінің орындауында «Сақ аруы», «Қазақ биі» және «Ұйғыр» биі сахналанады. Кеште аудан өнерпаздары қала тұрғындарының қошеметіне бөленіп, ыстық ықыластарын білдірді.

Айсәуле АРДАҚҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз