Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда 7 мамыр - Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік шара өтті

М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Отан қорғау - намыстың ісі. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті. Бүгінгі күні Тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін, шекарасының тыныштығын қорғап жүрген айбын азаматтарымыздың кәсіби мерекесі құтты болсын! Еліміздің сыртқы саясаты әлем елдерімен бейбіт қатынаста. Қазақ тарихында батырлар сөзсіз көп. Дегенмен, бейбіт күннің батырларының қатары арта берсін! Еліміз аман жұртымыз тыныш, бейбіт күндеріміз мол болсын!-деді М.Мурзиев.

Салтанатты шарада қызметінде лауазымдық міндеттерін адал әрі нәтижелі атқарып, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарап, лайықты әскери тәртіп үлгісін көрсетіп жүрген 16 адам облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Шара аясында облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы ұйымдастырған әскери техникалар қойылған көрме жұмысымен танысты. Көрмеде «РОТАН-660» суда жүзетін барлау қайығы, «ЗУ-23» әуе шабуылына қарсы зениттік қондырғы, «Арлан» брондалған дөңгелекті көлігі, мобильді орындаудағы автоматтандыру құралдарының далалық кешені қойылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз