Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӨРШІ ОБЛЫСТАН БІРІНШІ ОРЫН

    Таяуда көрші  Ақтөбе облысы Байғанин ауданында ақын, драматург, сазгер Бәкір Тәжібаевты еске алуға арналған «Ән мен жырдың Ақбұлағы» атты республикалық ән байқауы өтті.

    Бұл байқауда облыс намысын қорғаған жерлесіміз, «Арман» мәдениет үйінің әншісі Назира Шоқан алғашқы бөлімде сазгердің «Ауылым әнім» әнін, екінші бөлімде «Аққуым» әнін тамылжыта шырқады. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен жерлесіміз І орынға ие болып, диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды.

    – Әуелден белгілі сазгер Бәкір Тәжібаевтың шығармаларын орындап жүргендіктен бұл байқау қиынға соқпады. Екі әнімді де  көрермендер жақсы қабылдады. Байқауға барлығы 12 үміткер қатысты. Бәрі де байқау шартына сай екі әннен орындады. Дегенмен, қазылар алқасы бірінші орынға мені лайық деп таныды. Өте қуаныштымын. Бұл жүлде шығармашылығымды одан әрі дамытуға серпіліс береді деп ойлаймын, – дейді Назира. Ендеше, республикалық байқауда жеңіске жеткен жерлесімізге өнерің үстем болсын демекпіз!

Дулат БЕРІК

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521