Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Көңілді бір серпілткен концерт

«Арман» мәдениет үйінде «Өмір гүлі» мүмкіндігі шектеулі жандар шығармашылық орталығы» қоғамдық бірлестігің төрайымы Тыныш Жақыпованың ұйымдастыруымен «Ән бізді біріктіреді» атты қайырымдылық концерт болып  өтті.

Облыстық пара жеңіл атлетика сайысының жеңімпазы Айдана Қосжан «Қазақ биімен» ашса, Құдірет Кеңес «Әке-ана», Назерке Қуанышева «Көңілді күн», орталықтың ең кішкентай әншісі Нұриман Бақтыгерей «Жау, жау жаңбыр», Салем Қонысов «Менің әкем», республикалық байқаудың лауреаты Рита Рушан «Шығыс биі», Эрнест Бақтияров «Сәби бақыты», Гүлхан Зейнелова мен Айдана Қосжан «Мың алғыс ұстазға», Нұрайым Мамбеталина «Шоу», Наурызбек Сатпанов «Неге солай», Асыланбек Дауытов пен Динара Құмарғалиева «Әдемі», Мейрамгүл Болатқызы мен Фатима Қалыбекқызы «Бала тілегі», Бисұлтан Қанатұлы мен Исламбек Досболұлы «Қызыл раушан», «Ямахау» әндерін орындап, көрерменді бір серпілтіп тастады. Ал, Мәдина Қалидуллина ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақыт» өлеңін нақышына келтіре орындап берді.

b4320f1f-48b1-47a3-9535-47b117f6bec7

Осынау тамылжыған әсем әндерден кейін сахна төріне аудан әкімі Қанат Әзмұханов көтеріліп, бүгінгі ерекше концерт үшін алғысын білдіре отырып, «Өмір гүлі» қоғамдық бірлестігің төрайымы Т.Жақыповаға 500 мың теңге, жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесінің қызмет алушысы Исламбек Досболұлы мен  Фатима Қалыбекқызына 100 мың теңгелік сертификат пен қатысушыларға естелік сыйлық табыс етті.

 

Кәмшат ӘБІШ.

Суреттерді түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз