Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ІЗГІЛІК НҰРЫН ТӨККЕН КОНЦЕРТ

Миялы ауылы өнерпаздарының ұйымдастыруымен, «Арман» мәдениет үйінде «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық концерт болып өтті.

Оған ауданға танымал өнерпаздар мен "Ойыл аруы" бишілері қатысып, көрермен көңілінен шықты.

Концертті ұйымдастырудағы мақсат – Тасшағыл ауылының кішкентай бүлдіршіні Әмина Амангелдінің еміне қаражат жинау еді. Ол "Спина бифида" диагнозымен туылған, қазіргі таңда шет елде ота жасату үшін қомақты қаражат қажет етеді. Концертті ұйымдастырушы өнерпаздардың айтуынша, Миялы ауылынан басталған игі шара алдағы уақытта барлық ауылдық округте өткізілмек.

– Концертте бос орын болмай, көрерменге зал лық толды. Алғашқы ұйымдастырылған шараға өнерде жүрген ауыл азаматтары, асабалар, әнші, биші қыздарымыз ұйытқы болды. Жалпы қайырымдылыққа көбіне жасырын үлесін қосып келеміз. 1-2 күн дайындықпен ұйымдастырылған шара халық көңілінен шықты. Той саласында жүрген азаматтар халықпен бірге екенімізді білдіріп, аз да болса үлесімізді қосу еді. Концертті жаңа стильде беташармен ашып, көрермен арнайы қойылған жәшікке ақша салды. Сондай-ақ, қайырымды жандар демеуші болып, билеттер көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді. Ал, концерттен түскен қаржы Әмина сәбидің ота жасауына көмек ретінде атасына табыс етілді, - дейді асаба Тарас Қазиев.

Шара соңында мәслихат депутаты Алтынзер Баймұратова кәсіпкерлер атынан жиналған қаржы мен сәбиге ойыншық пен киім табыс етті. Ендеше, көрерменнің көңіл бір серпілтіп, ізгіліктің інжу маржанын шаша білген қайырымды өнерпаздардың өнегесі өрісті бола бергей дейсің.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521