Таяуда «Balbulaq» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Жыр алыбы – Жамбыл» І республикалық өнер байқауы болып өтті.
Оған аспапта ойнау, вокал, қолөнер жанрлары бойынша Миялы балалар өнер мектебінің оқушылары қатысты. 
Нәтижесінде, қобыз аспабынан қатысқан 1 сынып оқушысы Әйгерім Төренияз І орынды жеңіп алса, вокал жанры бойынша Серікболсын Кенжебай І орынды, Аружан Дүйсен ІІ орынды, қолөнер жанры бойынша Меруерт Мәлік, Алихан Қанат бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ, аталмыш байқауға дарынды да талантты өнерпаз дайындағаны үшін ұстаздары Самал Қуанышқалиева, Ажар Талғатқызы, Айдана Ижапқұловалар Құрмет грамотасымен марапатталды. 
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

 
 