Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында былтыр басталған, нәтижесі жақсы «Ауыл аманаты» жобасының аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни «тауар несиесін» беру мәселесін қарастыру қажеттігін айтты.

Бұл орайда ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Түркістан облысына жұмыс сапары барысында әкімдерді осы құралдарды белсенді пайдалануға шақырды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясын­да берілген жеңілдетілген несиенің ар­тықшылығын облыстың ауыл тұрғын­дары да көріп келеді. Мысалы, Сауран ауданы, Оранғай ауылынан Бабыр Насыров 5 млн теңге көлемінде несие алып, дәнекерлеу және жиһаз цехын ашқан. Сатып алынған жабдықтың көмегімен ол құрылыс үшін металл конструкциялар, жиһаз жасайды. «Қазір бізде тұрақты негізде 12 адам жұмыс істейді. Тапсырыстар көп болған кезде қосымша адамдарды тартамын. Өнімге деген сұраныс өте үлкен. Сондықтан жа­қын арада өз ісімді кеңейтуді жоспарлап отырмын», дейді кәсіпкер.

Ауылдың тағы бір тұрғыны – Бахадир Израилов жоба арқылы ауласында мал бордақы­лау алаңын ұйымдастырған.

Жер­гілікті кооператив мүшелеріне мал азығы тө­мендетілген бағамен бері­леді. Ауданда ауыл шаруашылығы кооперативтері­нің жұмысы жолға қойылған. Берілген егіс алқаптарында бидай, жоңышқа, жүгері өсіріледі. Жалпы, «Ауыл аманаты» ауыл тұр­ғындарына өз ісін түрлі бағытта ашу­ға мүмкіндік берді. Бірі жартылай фаб­­ри­каттар, енді бірі ұлттық киімдер мен ат әбзелдерін шығарады. Түйеқұс жұмырт­қаларын сатумен айналысқандар да, қал­дықтарды қайта өңдеушілер де бар.

Мысалы, Амантай Аңдасов пластикалық қал­дық­тардан түрлі тұрмыстық керек-жарақ­тар жасайды екен. Тағы бір тұрғын қағаз қоқыстан лотоктар өндіруді жолға қойса, енді бірі ағаш қалдықтарынан көмір өндіріп жүр. Осындай жобалармен танысқан вице-премьер жоғары баға беріп, бұл «Таза Қазақстан» бағдарламасы­ның жақсы жалғасы болуы мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ өңірге сапары аясында Тамара Дүйсенова ауылдық округ әкім­дерімен кеңес өткізді. Онда ауыл тұр­ғындарының әл-ауқатын арттыру шара­лары талқыланды. Президент Жолда­уында атаулы қолдау көрсетуге назар аударды. Цифрлық карта деректері негі­зінде отбасылардың әл-ауқаты деңге­йіне байланысты 5 санаты анықталды. Дағ­дарыстық және шұғыл санаттағы отбасылармен жұмыс істеу үшін мемлекеттік қолдаудың неғұрлым оңтайлы шаралары пайдаланылуға тиіс. Сондай-ақ кеңесте облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Бір ауыл – бір өнім» тәсілін енгізу жоспары туралы баяндады. Жергілікті шикізаттан жоғары құнды өнім өндіру мақсатындағы бастаманы вице-премьер оң бағалады. Ал вице-премьердің төрағалығымен өткен денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі кеңесте медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру мәселелері сөз болды.

Тамара Дүйсенова жыл соңына дейін міндетті медицина­лық сақтандыру жүйесін цифрландыруды аяқтау, ал келесі жылдың соңына дейін бірыңғай ұлттық ақпараттық жүйені ен­гізу жоспарланып отырғанын айтты. Вице-премьерге дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесі көрсетілді. Дәрі-дәрмектер қозғалысы елге әкелінген және өндірілген сәттен бастап пациент немесе сатып алушы дәріханалар арқылы алған­ға дейін нақты уақыт режімінде бақыла­на­ды. Аталған тізбектегі қоймалардың бірі Түркістан қаласында орналасқан. Жүйе енгізілгелі бері мұнда 13 түрлі отан­дық дәрі-дәрмектің 1,5 мыңнан аса қап­тамасы қабылданған. Осы жерден олар облыстың емдеу мекемелеріне жіберіледі. Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында вице-премьер емдеу мекемесінің жұмысымен танысып, емделушілермен әңгімелесті. Аурухана базасында өткен жылдан бастап оңалту орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтың қызметтерін операциядан шыққан, инсульт алған және басқа да науқастар пайдаланады. Мұнда 400-ден аса адам тегін курстармен қам­тылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып келе жатқан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 49 МСАК нысанының құрылысы қарастырылған.

Олардың бірі Махамбет Өтемісов ауылында салынып, бүгінде тек айналасын абаттандыру жұмыстары қалған. Сондай-ақ Премьер-министрдің орын­­басары білім беру сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Об­лыс әкімі Дархан Сатыбалды жүргізіп отыр­ған кеңеске мектеп директорлары мен колледж басшылары қатысты. Өңірде Пре­зиденттің тапсырмаларын орындау шең­берінде мектептермен кешенді жұ­мыс жүргізіліп жатыр. Халықаралық және ішкі зерттеулер нәтижелері бойын­ша білім беру нысандары 3 санатқа бө­лінді. Әр санат үшін KPI анықталды. Түркіс­тан облысында 280-нен астам мектеп «Мақ­сатты мектептер» ретінде белгіленді. Олар министрлік жанындағы институттардан әдістемелік көмек алады. Бұл мектептердің мұғалімдерін үш деңгейлі оқыту қарастырылған. Кеңесте Президент Жолдауында міндеттелген техникалық және кәсіби білім беру саласын трансформациялау бағытында қабылданатын шаралар туралы да айтылды. Мысалы, жан басына қаржыландыру нормативі қайта қаралып, базалық және ынталандырушы бөлікке бөлінеді. Халықаралық стандарттарды енгізген және түлектерін жоғары жалақы төленетін жұмыс орындары­на жұмысқа орналастырған колледждер жо­ғары қаржылай қолдау ала алады.

«Баланы балабақшадан бастап, кол­леджге дейін жан-жақты дамыту керек. Бұл – біздің негізгі міндетіміз. Балабақша­лар мен бастауыш сыныптардағы бағдар­­ла­ма­ларды синхрондау, жоғары сынып оқу­шы­ларына кәсіби бағдар беру, оқу барысында салалық стандарттарды енгізу және басқа да шаралар балалардың тұлғасын дамытуға бағытталған. Колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие болуы керек», деді кеңесте Т.Дүйсенова. Вице-премьер Түркістан қаласындағы «Жаңа қала» шағын ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде салы­нып жатқан жаңа оқу орнының құры­лы­сымен танысты. Қалада тұрғын үй құры­лысының белсенді жүруі мектептерге жүк­темені арттыруда.

Сол себепті де ұлт­тық жоба аясындағы мектептердің бі­рін осында салу туралы шешім қабыл­дан­ған. Жаңа 2000 орындық мектепті қазан айын­да пайдалануға беру жоспарла­нып отыр. Білім ұясы оқу кабинеттері, спорт залдары мен асхана, сондай-ақ қауіп­сіздік жүйесімен, турникеттер мен бейне-­ба­қы­­лау камераларымен қамтылған. Қазір өңірде бес мектеп үш ауысымда жұмыс істеп тұр. Бұл мәселе ұлт­тық жоба аясында жаңа мектептер салу арқылы шешілмек. Сонымен қатар вице-премьер №28 мектепке барып, білім беру саласындағы цифрлық шешімдер­мен танысты. Мысалы, «Алақан» жүйе­сі оқушыларға биометриялық бақы­лау арқылы ғимаратқа кіруге, асхана мен кітапха­наны пайдалануға мүмкін­дік береді. Өңірге сапары барысында Тамара Дүйсенова, сондай-ақ Оты­рар ауданы, Шәуілдір ауылындағы Ө.Жәні­беков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының жұмысымен танысты. Мұнда «Жұмысшы мамандықтар» көр­месі ұйымдастырылып, 12 колледжде өнді­рілетін өнімдер көрсетілді. Түркістан облысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT