Осындай атаумен «Жастар» саябағында мүмкіндігі шектеулі балалардың концерті өтті.
«Серпін» қоғамдық қорының төрағасы Сержан Бисенғалиевтің ұйымдастыруымен өткен концертке жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесінің өнерлі балалары қатысты. Концертті Миялы ауылдық округі әкімінің орынбасары Мақсат Төкенов құттықтау сөзбен ашса, артынша Толқын Нұрышова мен Фатима Аманқос «Ана мен бала», Ізмұхаммед Сағи «Әке-ана» әнін орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Сонымен қатар күндізгі бөлімшенің мамандары мен бүлдіршідері билеген спорттық биі де көңілді кештің шырайын кіргізе түсті.
Кеш соңында сөз алған «Серпін» қоғамдық қорының төрағасы Сержан Бисенғалиев шараға қатысқан бүлдіршіндерге алғысын айтып, естелік сыйлықтар мен түрлі тәттілер таратса, бөлімше басшысының уақытша міндетін атқарушы Ақмарал Құсанова ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Шарадан соң бүлдіршіндер саябақ ішінде қоғамдық қордың батуты мен ойыншық көліктерімен ойнап, көтеріңкі көңіл-күйде үйлеріне қайтты.
Дулат МӘТЖАН