Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«БІЗ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ҚАРЫЗДАРМЫЗ!»

Бүгін ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланып, «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір -біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын. Ендеше, осындай мерекеде оқырмандарымызға «Сіз кімге алғыс айтар едіңіз?» деп сауал жолдаған болатынбыз.

Майгүл БЕКҚҰЛОВА, ұйғыр ұлтының өкілі:

Қазақ халқының салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа бай халық екені кез келген айшықты мерекенің ерекше тойлануында жатыр. Мен өз басым Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Чарын ауылында дүниеге келгенмін. Ал, Қызылқоға ауданына 1986 жылы келін болып түстім. Ол қазақы шаңыраққа тез сіңісіп, тіпті өзімді бұрыннан сол отбасының мүшесі ретінде сезіндім десем де болады. Өйткені, мен ұйғыр ұлтының өкілі болғаныммен қазақы тәрбиені көріп өстім. Осы тұста, қазақы қаймағы бұзылмаған Қызылқоға ауданының өзіндік ерекшелігі басым болды. Мәселен, қонақжайлылық, бауырмалдық, өзге ұлт деп бөле-жармау сынды қасиеттер бұл мекеннің мызғымас қағидасы. Сонымен қатар, ұйғыр ұлты мен қазақ ұлтының ұқсастығы да жоқ емес. Айталық, ұйғырларда қолөнер және сауда-саттық тұсы өте жақсы дамыған. Бұл қазақы ауылда да таныс жағдай. Сондай-ақ, қазақ, ұйғыр, қырғыз, өзбек жалпы мұсылман қауымдарының әдет-ғұрыптары бірдей болмаса да ұқсас келетіні айқын дүние. Осы орайда, 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында барша қазақстандықтарға, оның ішінде қойнауы құтқа толы Қызылқоға ауданына зор алғысымды білдіремін. Бірлікті, ынтымақты, бейбітшілікті басты ұстаным еткен еліміздің абыройы тасып, жақсы күндерде басымыз қосыла берсін!

Ринат РЕВКОВ, орыс ұлтының өкілі:

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан қазақ елі менің кіндік қаным тамған Отаным. Ұлтым орыс болса да жүрегім қазақ деп соғып, ел болашағы үшін қызмет етіп жатырмын. Ата-анам Алексей Ревков пен Сәулеш Малқарова осы Қызылқоға жерінде бас қосып, төрт перзент сүйіп, өсірді. Барлығымыз түрлі салада еңбек етудеміз. Мен өзім теміржол саласында машинист қызметін атқарамын. Бұл қызмет маған қатты ұнайды. Осы орайда 1 – наурыз Алғыс айту күнінде туған еліме, өскен ортама алғыс айтқым келеді. Неге десеңіз, біз осы жерде туылып, білім алдық, болашағымызды бағдарладық. Менің әкем де, әжем де «Қазақ бізді ешқашан өзектен теуіп өгейсіткен жоқ. Бауырына басты. Бар жағдайымызды жасады. Ешкімнен кем болмай еңбекке араласып, сендерді өсірдік. Бұның барлығы қазақтың бауырмалдығын көрсетеді» деп үнемі айтып отырады. Біз отбасымызбен қазақша сөйлесіп, қазақы салт-дәстүрді ұстанамыз. Қаймағы бұзылмаған Қызылқоға топырағы, халқы менің туған бауырымдай. Ал, тегіміз орыс болғанымен қазақ елін өз жұртым деп санаймын.

Александр СТОММА, беларусь ұлтының өкілі:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен Алғыс айту күнінің игі дәстүрге айналып, халқымыздың ең сүйікті мереке-лерінің бірі боларына сенемін», деп атап өткен болатын. Ен-деше, бұл мерекені ерекше атап өтуіміз қажет. Ең алдымен, Қа-зақстанда өмір сүріп жатқан кез келген ұлт өкілінің бұл күні қазақ еліне алғыс айтуға толық негіз бар. Оның ішінде, Қызылқоға ау-данын ерекше тілге тиек етер едім. Бұл ауданның халқы қонақ-жай әрі кең пейіл. Біз бұл аудан-нан өгейлік немесе қыспалық көрген емеспіз. Керісінше, көршімен тату, сәлеміміз түзу тұрғынға айналып үлгердік. Тіпті, қазіргі таңда бізді мерекелерде ғана болмаса, былайғы уақытта аудан тұрғындары өзге ұлт өкілі деп санамайды. Өйткені, жер-гілікті тұрғындармен тіршілігі-міз біте қайнасып жатыр. Менің балаларымның барлы-ғы қазақ мектебінен білім алып, жоғары оқу орнын тәмамдап, қазақы отбасының шаңырағын кеңейтіп отыр. Осындай, қуанышты күні Қазақстанға неге алғыс айтпасқа? Қазақ елінің жасам-паздығы мен болашағының жарқын болуын тілейтін өзге ұлт өкілдері әркез тілекші дегім келеді.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT