Астана - Тәуелсіз Қазақстан символы

Аудандық орталық кітапхана мен «Нұр Отан» партиясы  аудандық филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен «Астана – Тәуелсіз Қазақстан символы» атты арнайы дайындалған кітап көрмесін оқырмандарға ұсынды. Ондағы мақсат – Елордамыздың 20 жыл ішінде даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Астананың абыройын асқақтату. Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің фойесінде жасақталған көрмеге   еліміздің бұрынғы астаналарының қысқаша тарихы мен бүгінгі әсем қала Астана туралы фотосурет,  бас қаланың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын мол әдебиеттер қойылды.

Шара барысында, сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов:

– Өткен жылы Астанада тоқсан  үш күнге созылған халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі ұйымдастырылды. Оған 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымының жоғары лауазымды қонақтары арнайы келді. Бұл  тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатқан айрықша жетістіктердің бірі болып, Қазақстанның әлемге танылуы мен туристер үшін танымдылығын арттырды. Дүниежүзі көз тіккен ЭКСПО беделімізді биіктетті, абыройымызды асқақтатты. Бүкіл ел абыройының асқақ көрінісі, мемлекетіміздің мақтан тұтар айнасы. Дүниежүзі халықтарының көпшілігі туристік, дипломатиялық сапармен қонаққа келіп, елордамыздың жылдан-жылға көркейіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму қарқынын үдете түскеніне таңырқай қарайды. Бүгінгі таңда Астана әлем елдерінің тарихында шапшаң жылдамдықпен қарыштап, инфрақұрылымдық сатылардан тайсалмай, өсіп-өркендеп келе жатқан еңселі шаһарлардың бірі де бірегейі. Елордамыз жайнай берсін! – деді.

Содан соң мектеп оқушылары көрмеге қойылған кітаптармен танысып, астананың әсем жерлері суреттелген фото-суреттерді тамашалап ерекше әсер алды. Кітапхана қызметкерлері болса әдеби кітаптардың қысқаша мазмұнын баяндап, оқушыларды кітап оқуға шақырды.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА.

Суретті түсірген автор.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21