Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бишілер есеп берді

Лизия Оқастың жетекшілігімен «Би әлеміне саяхат» атты «Арман» мәдениет үйі жанындағы «Ойыл аруы» бишілер тобының жылдық есеп беру кеші болып өтті.

Сахнаны «Ойыл аруы» үлкен, кіші бишілер тобы «Бальный танец» биімен ашты. Әр топтағы бишілер «Шляпа», «Қара жорға», «Не детское время», «Малайзия», «Баю-баю», «Балауса», «Батырлар», «Домбыра», «Киіз басу», «Адай», «Дайдидау» билерін нақышына келтіре билесе, Лизия Оқас «Композициялық», «Ақбаян» биін билеп берді. Альфия Арыстанғалиева мың бұрала «Ангель» биімен көпшілікті тәнті етті.

– Әр қимылды музыкамен ұштастырып, бір арнаға тоғыстыру асқан шеберлікті талап етеді. Бүгінде үйірмеде 40-қа жуық шәкірт бар. Оның 7-уі биді аяқтап жатыр. Би үйірмесіндегі ерекше өнерді бойына сіңіріп қана қоймай, облыс, республиканы таң қалдырып жүрген бишілер жетерлік. Мен әрдайым шәкірттеріммен мақтанамын», - дейді «Ойыл аруы» бишілер тобының жетекшісі Лизия Оқас.

qyzylqoga-bi

qyzylqoga-bi-3
Бүгінде «Ойыл аруы» бишілер тобы аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық би жарысында өнер көрсетіп, жеңімпаз-жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Атап айтсақ, Нұрсұлтан қаласында болған ХІІ халықаралық «Алаш Старт» онлайн байқауында І орынды, Алматы қаласында «Жас жұлдыз» республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында өткен онлайн өнер байқауында бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ, «Ойыл аруы» кіші бишілер тобы да Нұрсұлтан қаласында ХІІ халықаралық «Алаш Старт» онлайн байқауында бас жүлдені, Ақтау қаласында өткен халықаралық байқаудың гран приін жеңіп алды.

Шараны қорытындылаған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Г.Құрманғазиева Лизия Оқасқа бөлім атынан Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.


Кәмшат ӘБІШ
Суреттерді түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT