Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«БЕС САУСАҚ» - ӘКІМ ҚАБЫЛДАУЫНДА

аудан намысын абыроймен қорғады

Сейсенбі күні аудан әкімі Қанат Әзмұханов облыстық «Жайдарман» ойындарында аудан намысын абыроймен қорғап, жеңімпаз атанған «Бес саусақ» командасының ойыншыларын қабылдады.

– Сіздердің қоғамдағы түрлі оқиғаларды қалжыңға толы әзілмен жеткізе білулеріңіз ғажап. Жеңістерің құтты болсын! Біз әркез Сіздердей жастардың бастамаларына қолдау білдіріп, көмек қолын созуға әзірміз. Алдағы республикалық ойындарында топ жаруларыңызға тілектеспіз, - деген аудан әкімі Қанат Әзмұханов команда ойыншылары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерге де қолдау білдіретіндігін тілге тиек етті.

Бұдан соң осындай жетістікке жетуге зор септігін тигізіп, жан-жақты қолдау білдірген аудан басшыларына ризашылығын жеткізген аталмыш команданың капитаны Сәбина Кәдір мойындарына тағылған медальдің біреуін аудан әкімі Қанат Әзмұхановтың мойнына тақты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521