Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Барлық білім кітапта

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Рухани жаңғыру» кіші жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Букдатинг» жобасын іске асыру аясында кітап оқуды өздерінің сүйікті ісіне айналдырған тұлғаларды дәріптеу мақсатында «Үлкендер жолы ұлылық – ұрпағы жүрер ұғынып» атты кездесу кеші өтті. Оған кеш қонағы ретінде Нәби Бисенғалиев, Жәния Ізбасқан, Құмар Хасан, Гүлшара Сарылар шақырылып, олар жастарды кітап оқуға үгіттеді.

Кездесу бірден ашық әңгіме алаңына айналып, кеш қонақтары тұшымды ойларымен бөлісті. Алдымен сөз алған Нәби Бисенғалиев: «Кітап оқу балалық шақтан жалғасып келе жатқан сүйікті ісім. Ол кезде кітапты мектеп кітапханасынан алып оқитынмын. Кітапқа деген қызығушылығымды байқаған әкем үнемі әдеби кітаптарды сатып алып беретін. Кейін өзім де кітапты іздеп жүріп оқитын болдым. Қазіргі уақытта үйдегі жеке кітапханамда екі мыңға жуық кітап бар, – деді. Ал, Жәния Ізбасқан ұстазы Фариза Оңғарсынованың 1-сыныпта жаттатқан «Аманат» өлеңін бір сөзін ұмытпастан жатқа оқып берді. Бұл орайда, кеш қонағы Құмар Хасан:

-  5 жасымда үлкендердің көмегімен әріп таныдым. Алғаш оқыған кітабым «Қайырымды дәрігер Айболит» болатын. Біздің бала кезімізден кітаптан басқа ермегіміз болған жоқ. Сынып болып жарыса кітап оқып, оны кейін бірлесе талқылайтынбыз, - деген пікір білдірсе, Гүлшара Сары қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігі өмір жолына жол сілтегендігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, шара барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары да өз ойларын ортаға салды. Осы тұста, Қалидолла Ізекен мұндай шараны кең ауқымда өткізіп, кітап оқу жас ұрпақтың сүйікті ісіне айналуына түрткі болуымыз керек деген пікірін білдірді. Ал, Жәния Ізбасқан өзінің әлі сиясы кеппеген «Қасиетіңнен айналдым Қызылқоғам» атты жаңа кітабын кітапхана оқырмандары мен мектеп оқушыларына табыс етті.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз