Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда ардагерлер шағын футболда ерекше турнирде бақ сынасты

Атырауда Ұлы Отан соғысы қатысушысы және ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері Мақсұт Аязбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Жайық» спорт кешенінде ұйымдастырылған шарада жарияланды.

Іс-шараның мақсаты – ардагердің өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету, патриоттық тәрбие беру және салауатты өмір салтын насихаттау. Турнирге Атырау облысындағы күштік құрылымдар мен ведомстволардың ардагерлер ұйымдары қатысты.

Турнир барысында қатысушылар Мақсұт Аязбаевтың майдандағы және бейбіт өмірдегі ерліктерімен танысып, оның отансүйгіштік ұстанымын дәріптеді.

Айта кетейік, шараға облыстық ҰҚК, ІІМ, Ұлттық ұлан, төтенше жағдайлар және қаржы мониторингі органдарының ардагерлері қатысып, турнир патриоттық мәні жоғары іс-шара ретінде ұйымдастырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT