Түнгі 23:30-дан бастап қала аумағы мен селолық округтерде жолдарға 65 тонна реагент себілді.
Бұл жұмыстарға 4 КДМ арнайы техникасы жұмылдырылды. 28 желтоқсан күні сағат 09:00-ден бастап жолдарды қардан тазалау жұмыстарына 7 щеткалы трактор мен 4 КДМ техникасы қосылды. Қарды қала аумағынан шығару жұмыстарына 20-ға жуық техника және 110 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қала көшелеріндегі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар үздіксіз жалғасуда.



