БАҚЫТ СЫЙЛАҒАН «БАЛА LIFE»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жылы Қазақстан халқына арналған Жолдауында биылғы жылды "Балалар жылы" деп атауды ұсынған болатын.

Осыған орай,аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығы,  ерікті жастар,  «НҰР» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «БАЛА-LIFE» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шара  өткізілді. Шара алдымен «Мен өмірді сүйемін» атты көрмемен басталып,   қонақтар балалардың жасаған қолөнер туындылары мен салған суреттерін тамашалады. Одан әрі  балалардың концерттік бағдарламасына ұласып, жан тебірентер өлеңдері мен мың бұралған билері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Атап айтсақ, Гүлімай Нұржанқызы «Ана», Фатима Аманқос «Ақ құсым», Исламбек Досболұлы «Жылтыр көйлек» әндерін нақышына келтіре орындаса, Наз Сабыр заманауи биді әдемі іс-қимылымен орындап берді. Сондай-ақ, шара барысында балаларға қолдау көрсету мақсатында аудан өнерпазы Бисұлтан Қанатұлы мен  «Қызылқоға-құтты мекенім» қайырымдылық қорының төрағасы  Ризабек Амантайұлы балалармен бірге ән айтып, би биледі.

Шара соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Жақсиев,  Жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрбол Бижанов, «НҰР» қайырымдылық қорының төрайымы Нұрия Сақымдар  сөз сөйлеп, балаларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесінің директоры Гаухар Қанашова ұйымдастырушыларға өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта осындай шараларды біріккен түрде ұйымдастырып тұруды ұсынды.

Айта кетелік,  «НҰР» қайырымдылық қоры 2019 жылы Сағыз ауылында ашылып, кейіннен Атырау қаласына көшірілді. Ондағы мақсат – көпбалалы аналарға және аз қамтылған отбасыларға баспана сыйлау. Осы уақытқа дейін қор 7 отбасыға баспана сыйлап, биылғы жылы оның қатарына тағы бір отбасы қосылмақ. Ал, биылғы жылдан бастап қор Миялы ауылына келіп, қазіргі таңда Жастар ресурстық орталығында өз жұмысын бастауда.  

 

Әйгерім БИБОЗҚЫЗЫ

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика