Атырауда Нәдіров оқулары өтіп, ескерткіш тақта ашылды

«Атырауда ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, еліміздің мұнай-химия ғылыми мектебінің негізін қалаушы Нәдір Нәдіровтің 90 жылдығына арналған ХІV халықаралық ғылыми Нәдіров оқулары өтті», - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Ғылыми дәстүрлер сабақтастығының және мамандыққа адалдықтың жарқын үлгісі» тақырыбында өткен іс-шараға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов, «Қазмұнайгаз» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі Ұзақбай Қарабалин мен ғалымның отбасы мен әріптестері сондай-ақ онлайн түрде Ресей, Әзербайжан және Қырғызстанның ғалымдары қатысты.    

Өз сөзінде дәстүрлі түрде өтетін «Нәдіров оқулары» бүгінде еліміздің ғылыми өмірінен өзіндік орнын алғанын атап өткен  аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов «Мұнай мен газ  өндірісі – еліміздің бүгінгі әлеуетін қамтамасыз етіп, болашақ дамуына негіз болып отырған стратегиялық сала. Сондықтан, озық технологиялар, инновациялар арқылы оның тиімділігін арттыру аса маңызды міндеттердің бірі. Осыған орай, ғылым мен өндірістің байланысын нығайтуда осындай іс-шаралар ерекше маңызға ие», - деді.

Сондай-ақ, университет базасында ашылған химиялық инженерия және экология институтына Нәдір Нәдіровтің есімі беріліп, ескерткіш тақта ашылды.

«Нәдір Нәдіров – көп қиындық көрген ғалым. Кезінде Қызылорда даласына жер аударылып келіп, өзінің «халық жауы» емес екенін дәлелдеу үшін мыңдаған құжат жинап, оқуға түсті. Кейін әлемге әйгілі ғалым атанды. Біз өз жерімізде жүрген соң, мұндайды көп түсіне бермейміз. «Мұнай-химия ғылымының атасы» атанған ғалым тек бір саламен шектелмей, бірнеше ғылыммен айналысты. Сондықтан бүгінгі жастар мұнай химиясына ғана байланып қалмай, өз мүмкіндіктерін кеңейте білуі керек»,- деді Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов.

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне қатысқан еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев институт жұмысына сәттілік тіледі. Қазмұнайгаз» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі Ұзақбай Қарабалин мен ғалымның балалары сөз алып, академик туралы естеліктерін айтты.    

Іс-шара ХІV халықаралық ғылыми Нәдіров оқуларының жеңімпаздарын марапаттаумен түйіндеді.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика