Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулықтар «Қазақстанның Еңбек Ері» Илья Жақановты құрметпен қарсы алды

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен  "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын иеленген атақты композитор,  жазушы, публицист, музыкатанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Илья Жақановты атыраулықтар халықаралық әуежайдан зор құрметпен күтіп алды"  деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов бастаған ел ағалары , мәдениет саласының өкілдері

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілген Ілия Жақановты құттықтап, ілтипат білдірді.

"Еліміздің дамуына  үлес қосып жүрген бір топ азаматқа лайықты құрмет көрсетілді. Олардың қатарында қазақ медицинасының абыз ақсақалы Төрегелді Шарманов та бар. Көктемнің шуақты күнінде берілген марапат - менің ғана емес, Атыраудың, тұтас қазақ жұртшылығының марапаты. Себебі , бұл ұлтқа ортақ қазақ өнеріне көрсетіліп отырған құрмет" деді Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов.

Қазақ руханиятының қыраны Илья Жақанов 200-ге жуық әннің авторы, қазақ халқының өнер қайраткерлері туралы "Екі жирен", "Бірінші концерт", "Қарабура" сынды тарихи топтамалар жариялаған.

Композитордың "Еділ мен Жайық", "Әселім - Әнім" әндері әнсүйер қауым арасында кеңінен танымал.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз