Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғадағы «Көктем аруы»

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, «Көктем аруы» аудандық байқауы болып өтті. Шара «Ойыл аруы» бишілер тобының орындауындағы«Нұршашу» биімен ашылды.

Байқауға Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Жамбыл, Сағыз, Тасшағыл, Мұқыр, Миялы ауылдық округтерінен өнерлі арулар қатысып, «Мен қазақтың қызымын», «Өнер - сарқылмас қазына», «Ойлай білген, оя да біледі», «Ойлы болсаң, озып көр», «Сыр мен сымбат сұлулығында» атты бөлімдер арқылы өз өнерлерін ортаға салды.  Нәтижесінде, Миялы ауылдық округінің намысын қорғаған Айзада Досқали «Көктем аруы» атанса, жангелдиндік Айнамкөз Тасқынбайқызы «Көрермен көзайымы», Ойыл ауылдық округінен бақ сынаған Аружан Аманғали «Қылықты ару», көздіғаралық Мөлдір Қаныбекқызы «Инабатты ару», жамбылдық Айшат Асанқызы «Парасатты ару», сағыздық Әдемі Сағызбай «Сүйкімді ару», тасшағылдық Аружан Сембай «Көрікті ару», мұқырлық Айзат Есқайратқызы «Шебер ару» атақтарына ие болды.

 

Нұрсәуле СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT