Атырауда наурыз мейрам аталып өтті

“Атырауда Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры алаңында наурызға арналған мерекелік концерттік бағдарлама болып өтті”, - деп хабарлайды Атыру облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысып, атыраулықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

« Наурыз – жыл басы, жақсылықтың бастауы. Қайта түлеген табиғатпен қатар адамның да санасы жаңғырар кез. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен  Жаңа Қазақстан құру жолындағы істеріміз баянды болғай! Ұлыстың ұлы мейрамы халқымызды береке мен бірлік, ырыс пен ынтымақ, өрлеу, өркендеу жолына бастағай» деді аймақ басшысы.

Өнерпаздар ән салып, би билеп мерекенің көрігін қыздырды. Жаңару мен жаңғыру мейрамына тыңғылықты дайындалған әртістерге көпшілік қошемет көрсетті.

912a3790-cc05-4f41-ba30-d3f923d4924b

Мерекеге орай, Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыкалық академия өнерпаздары да тұрғындарға арнап театрландырылған қойылым ұсынды. Академия алаңына  киіз үй тігілді. Қазақ халқының беташар, тұсаукесер сынды ұлттық салт-дәстүрлерінен көріністер қойылды.

Салтанатты іс-шараны атыраулықтар жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желі арқылы да тікелей де тамашалады.

Бүгін сондай-ақ Атырау қаласының әр жерінде Ретро-паркте, “Достық үйінде” және өзге де орындарда Ұлыстың ұлы күніне арналған мәдени іс-шаралар өтті.

Айта кеткен жөн, 14 наурыз – Көрісу күнінен бастап облыс орталығы мен оған қарасты ауылдық округтерде бірқатар мерекелік-көпшілік шаралар легі өтті. Атап айтқанда, «Амал келді – Жыл келді» атты жылжымалы концерт, ұлттық құндылықтар апталығы, «Ембімұнайгаз» мекемесінің мерекелік тартуы, батагөйлер мен әжелер сайысы, «Ақжайық аруы» байқауы, «INFINITY KOKTEM FEST» мерекелік бағдарламасы, отандық өнім өндірушілердің жәрмеңкесі, «Қайырымды ұлт» акциясы, ұлттық ойындар сайысы және  басқа да бұқаралық шаралар тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика