Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда ерекше балалардың шығармашылық кеші өтті

Оған инклюзивті білімді қажет ететін 8-13 жас аралығындағы 60 бала қатысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Фестиваль ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалардың шығармашылық әлеуетін ашу, олардың дарыны мен мәдени ерекшелігін дамыту, инклюзивті қоғамда тәуелсіз өмір сүруіне ықпал ету мақсатында өтті.

- Шығармашылық фестиваль аясында балалар зергерлік бұйымдар мен киіз бұйымдарын жасауды үйренді, сонымен қатар арт-терапия, балшықпен емдеу және аспаздық сабақтарына қатысты.  Бүгінгі шара балалардың өмірлік жағдайына қарамастан ойын еркін жеткізуге және жаңа нәрселерді үйренуге жағдай жасаудың маңызды екенін көрсетті,-деді «Теңіз жүрегі» жобасының жетекшісі Рысты Жексенбаева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT