Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда бұрын-соңды болмаған ауқымды байқау өтеді

Атырауда мәдени мұраны жаңғырту, қолөнер және бизнес арасындағы байланыстарды кеңейту мақсатымен «Qol Оner Dauysy – 2022» облыстық фестиваль-байқауы өтпек.

Аталған сайысқа қолөнер шығармашылығына қабілетті кез келген атыраулықжас айырмашылығына қарамастан қатыса алады.

Байқау тоғыз аталымды, оның ішінде ағаштан жасалған бұйымдар, табиғи былғарыдан жасалған бұйымдар, тоқу өнімдері, киізден жасалған бұйымдар, тігін өнімдері, сурет салу, мобилография, графикалық дизайн, тоқыма және кесте өнерібағыттарын қамтиды. Ауқымды іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы -  «Urpaq» қолөнер академиясы.

Облыстық «Qol Oner Dauysy – 2022» байқауы ұлттық қолөнер мұрасын ұлықтауға және қайта жаңғыртуға бағытталған. Фестиваль-байқау облыс әкімдігінің қолдауымен өңірімізде алғаш ұйымдастырылғалы отыр. Қатысушылардың жұмысына арнайы кәсіби мамандар қазылық ететін болады. Осы орайда талантты атыраулықтарды байқауда бақ сынауға шақырамыз.

Айта кету керек, сайыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қазылар алқасы жұмыстарды бағалау критерийлеріне орай бағалап,  екінші кезеңге жолдама алатын сайыскерлерді анықтайды. Ал екінші кезеңде әр аудан мен қаладан бір номинация бойынша ұжым құрып, олар шығармашылық туынды жасап шығарады. Сонымен қатар қатысушылар туындыларының бір бөлігін мастер-класс арқылы таныстыратын болады.

 

фото:ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз