Жангелдиндік өнерлі жастар ауылдарды аралап концерт қойды

Жангелдин мәдениет үйін ауылдың өнерлі, белсенді жастарын жинап, округтер мен елді мекендерді аралап,  «Жастар өнер белесінде...» атты концерттік бағдарлама ұсынды.

Концертті көрермендер жылы қабылдап, ауыл өнерпаздары ыстық ықыласқа ие болды. Жангелдин ауылынан басталған мерекелік концерт Ойыл ауылдық округіндегі «Шалқыма», Көздіғара ауылдық округіндегі «Самал», Жамбыл ауылдық округіндегі «Қаракөл» және Сарбие ауылының «Сапақкөл» мәдениет үйлерінде жалғасты.

Концертте «Қызымын елдің», «Ұмыттың мені қалай?», «Рах[1]мет, әке!» әндерімен қоса, жастар әлемге танымал «Хоррезм» және де басқа би[1]лерден үзінді орындап, «Бокс» атты тамашадан көрініс көрсетті.

– Жазғы демалыс кезінде жастардың уақытын тиімді пайдалана отырып, осы концерттік бағдарламаны ұсынған болатынбыз. Жангелдиннің өнерлі жастарын жылы қабылдаған аталған мәдениет үйлерінің директорлары мен қызметкерлеріне, хабарландыруымызды уақытында жеткізіп, залды көрерменге толтырып, ыстық ықыластарымен қарсы алғандары үшін «Жангелдин» мәдениет үйі ұжымы атынан алғыс білдіремін» - дейді «Жангелдин» мәдениет үйінің директоры Тасқынбай Бақ.

Кәмшат Әбіш

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика