Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда алғаш рет Қазақстан жас суретшілерінің көрмесі ашылды

Заманауи суретшілер бір ай бойы Атырау қаласының бірінші арт-резиденциясына қатысып, өз жұмыстарын алдын ала көрмеге дайындады.

Атырауда "Жайықпен көрісу" көрмесінің ашылуы және "Фронтир. Атырау шежіресі" арт-резиденциясының ресми жабылуы өтті. Арт-резиденция бағдарламасы қазақстандық жас суретшілерді қолдауға, арт-ортада тәжірибе алмасуға және креативті индустрияны дамытуға бағытталған.

Резиденция Атырау қаласында 1-31 тамыз аралығында өтті. Арт-резиденциясының жалпы метафорасы фронтир тұжырымдамасы болды, ал көрменің тақырыбы Жайық өзенінің бейнесі болмақ. Еліміздің батыс өңірінің мәдени контекстін зерттей отырып, Атырау қаласы үшін метафора іздеуде суретшілер Жайық өзенінің бейнесінен тірек тапты. Атырау туралы сөз қозғағанда бұл жердің “естелігі” болып келетін, өткені мен болашағын осы кезде байланыстырып отырған да Жайық.

7

Суретшілер 30 күн бойы ізденіс үстінде болды: бір ай ішінде олардың назары батыс өңірі үшін де, атап айтқанда Атырау қалалық кеңістігі үшін де маңызды фронтир тақырыбын зерттеуге және метафорасын анықтауға бағытталды.

Арт-резиденция ұйымдастырушылардың бірі Әсел Ахметжанова резиденцияның бірегей тақырыбы - фронтир - суретшілерге өте жақын болғанын атап өтті.

Арт-резиденцияның менторлары мен лекторлары ретінде көрмелерді өткізу және шығармашылық жобаларды іске асыруда мол тәжірибесі бар заманауи суретшілер мен арт-қайраткерлер - Сәуле Дүйсенбина, Дмитрий Морозов, Күлшат Медеуова, Диас Әділ қатысты.

Айта кетейік, жоба YEMAA заманауи мәдениет орталығының Орталық Азияның Еуразия қорымен, «Шеврон» компаниясымен, «Aspar Kashagan» компаниясымен және Infinity plaza эко-паркімен серіктестікте құрылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT