Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«АЛҒЫС АЙТУ ПАРЫЗЫМЫЗ»

Осындай тақырыпта өткен аптаның жұмасы күні «Арман» мәдениет үйінде Раушангүл Стомманың мерекелік концерті өтті.

Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған шараға ауыл тұрғындарымен қатар аудандағы өзге ұлт өкілдері де қатысты. Кеш иесінің орындауында «Қазағым» әнімен ашылған сахна шымылдығы «Әке туралы ой», «Анамның ақ жаулығы», «Махаббат» әндерімен жалғасты. Сонымен бірге әріптестері Балжан Мақы, Жұмагелді Әділдермен бірге шырқаған «Оралдың ерке самалы», «Шәмшіге арнау», «Туған жер» әндерін көрермендер ыстық ықыласпен қабылдады.

dsc_0557

Сондай-ақ, сахна төріне шыққан кеш қонағы сағыздық Мария Ревкова мен Раушангүлдің әкесі Александр Стомма қазақ халқына шын жүректен алғыстарын білдіріп, жұртшылыққа «Ауылға барам», «Катюша» әндерін тарту етсе, ұлы Дарын Нартай «Мен қазақтың ұлымын» әнін орындап, сіңлісі Әсемгүл Стомма «Туған жерге сағыныш» монологын оқыды. «Арман» мәдениет үйінің бишісі Сәнімгүл Басанбаеваның өзбек халқының «Хорезм» биінен соң кеш иесі Раушангүл Стомма «Алғыс» әнімен концерттік бағдарламаны қорытындылады.

dsc_0584

Бұдан кейін аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев аудан халқын мерейлі мерекемен құттықтап, айтулы шараға арнайы шақырылған өзге ұлт өкілдеріне гүл шоқтарын табыс етті.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT