Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫЛЫҒЫН ҰЛЫҚТАЙДЫ

Дені сау, мәдениеті жоғары ұлт ғана қуатты мемлекет құра алады.

Ал, осы мақсатта елімізде мәдениет саласымен қатар бұқаралық спортты дамыту мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов:

-"Қазіргі таңда жастарды мәдениетке күштеп тартуға көшу керек сияқты. Музейге, театрға, көрмеге барамыз, адам көрінбейді. Жастар күндіз-түні "Керуенде", "Мегада" жүреді. Олар үшін бар құндылық сол. Біздің кезімізде белгілі бір кітапты оқымасаң, спектакль көрмесең, саған қолын бір сілтейтін. Біздің құндылықтар сондай болатын",-дейді.

Оның үстіне қазіргідей техниканың қарыштап дамуының арқасында ғаламтор желісін көбірек пайдалану мен ұялы телефондардың қолданыс аясының артуы да физикалық қозғалысымыздың азаюына алып келеді. Жалпы ауданымызда, ауданға қарасты ауылдық округтерде ауыл жастарымен бірлесе өткізіліп жатқан шаралардың көбейгені және олардың мәдениетіміз бен спортымыздың дамуына әсер ететіні сөзсіз.

Айталық, былтырғы жылы жүгіруден өткен марафон, көшеаралық футбол лигасы, мекемеаралық спартакиада ойындарына да жастардың белсенді түрде қатынасып жатқаны қуантады. Осының негізінде жастарды спортқа тарту мүмкіндігі де артады. Жастар мен жасөспірімдер спортпен шұғылдануға көптеп ден қойса онда қылмыс та әлдеқайда азаяр еді. Ел ертеңі саналатын өскелең ұрпақтың рухани тұрғыдан жаңғыруына да жол ашылар еді. Биылғы жылы мемлекет бағдарламасында жоспарланған Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын аудан көлемінде атап өтеміз. Атаулы мерейтой барысында ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында көптеп дәріптеуіміз керек.

Сондай-ақ, ұлттың ұлы мерекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты шараларды жастардың белсенділігімен, олардың қатынасуымен іске асыруымыз қажет. Осындай ел өміріндегі елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге, мәдениетке, ұлттың ұлылығын ұлықтауға жол ашады деп сенеміз.

Жарас ЕСЕНҒАЛИЕВ,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT