Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қайырымдылық концерт

Жаңашаруа орта мектебінің «Жас талант» оқушылар театрының ұйымдастыруымен «Мейірім деген – жүректің бағына барып...» атты «Самал» мәдениет үйінде концерттік бағдарламасы өтті.

Мақсаты – ауы-лымыздағы әлеуметтік жағдайы төмен немесе мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық таныту. Концерт шымылдығы Болат Мирастың орындауындағы «Өлшеулі өмір» термесімен ашылды. Одан әрі Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка колледжінің студенті, мектебіміздің түлегі Мадина Кәдірбекқызы «Мен сені сүйем, өмір» әнін, Ақерке Қанатбекқызы «Қыз бала гүл» әнін тамылжыта шырқады. Ал, 11-сынып оқушысы Жандарбек Есболсын, 9 - сынып оқушысы Дельназ Қабленова, Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка колледжінің студенті, мектеп түлегі Дамира Асановалар өз өнерлерін ортаға салса, 11-сынып оқушыларынан құралған «Томирис» бишілер тобы көңілді би билеп берді. Сондай-ақ, бірнеше аудандық, облыстық, рес-публикалық байқаулардың жүлде-герлері «Жас талант» оқушылар театры көрерменге көтеріңкі көңіл күй сый-ларлық қойылымдар қойды. Әсіресе, көрермендерді оқушылардың актерлік шеберліктері тәнті етті. Шара соңында «Жас талант» оқушылар театрының жетекшісі Гульфина Қойшығалиева сөз сөйлеп, қайырымдылық шарасына келіп отырған көрермендерге алғысын айтты. Сонымен қоса, Жаңашаруа орта мектебінің талантты шәкірттеріне асқақ арман, талмас талап тілей отырып, концерттен түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалатынын жеткізді.

Гүлжазира ҚАБЕНОВА,

Жаңашаруа орта мектебінің психологы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз