Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Нұрлан – бас жүлде иегері

«Арман» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, Қазақ КСР халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтың туғанына 110 жыл толуына орай, жас ұрпақтың дәстүрлі әнге қызығушылығын, орындаушылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Әнші дауысы» атты дәстүрлі ән орындаушылардың байқауы өтті.

Оған Б.Аманшин, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептері мен Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясынан, Миялы балалар өнер мектебінен оқушылар қатысып, бақтарын сынады. Байқау шартына сәйкес қатысушылар Ғ.Құрманғалиевтың және өз таңдауы бойынша дәстүрлі бір-бір ән орындады. Нәтижесінде, Миялы балалар өнер мектебінің оқушысы Нұрлан Нұрғалиев бас жүлдеге ие болса, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гиназиясының оқушысы Орынгүл Нұртаева І орынды иеленді.

Ал, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Терекбай Ерболатов пен Миялы балалар өнер мектебінің оқушысы Ақбаян Жаубасар ІІ орынды иемденсе, Б.Аманшин атындағы орта мектептің оқушысы Жеңісбек Қанатұлы, Миялы балалар өнер мектебінің оқушысы Нұргүл Серікқызы ІІІ орынға қол жеткізді.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз