Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада қауіпті індет жұқтырған тағы бір тұрғын анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 14 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 8-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен - 3 жұмысшыдан, Жылыой, Қызылқоға, Махамбет аудандарынан бір адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 5-інде ауру симптомды түрде өтіп жатыр.

Өткен тәулікте Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем алып жатқан 2 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 133 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда 27 науқас, аудандағы инфекциялық стационарда 4, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 38 адам ем қабылдауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз