Атырау облысында өткен тәулікте 12 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 7-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен - 2 жұмысшыдан, Қызылқоға- 2, Исатай ауданынан бір адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 6-ында ауру симптомды түрде өтіп жатыр.
Өткен тәулікте Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем алып жатқан және үй жағдайында емделген 10 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 134 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда 31 науқас, аудандағы инфекциялық стационарда 4, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 35 адам ем қабылдауда.