Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атыраулық фельдшер «Денсаулық сақтау саласының үздігі» атанды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде өткен жыл қорытындысы бойынша салтанатты іс-шара барысында жедел медициналық жәрдем қызметінің үздік мамандарына ведомстволық марапаттар табысталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Шараның басында кәсіби борышын атқару кезінде өмірін жоғалтқан әріптестердің рухына бір минут үнсіздікпен тағзым жасалып, олардың жарқын бейнесі мен ерен еңбегі еске алынды. Бұл сәт әрбір қатысушы үшін ерекше әсерлі болды, себебі жедел жәрдем фельдшерлерінің қызметі – адам өмірін сақтау жолында батылдық пен адалдықты қажет ететін ең жауапты сала.

Салтанатты шарада еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік мамандар марапатталды. Соның ішінде Атырау облыстық жедел жәрдем қызметінің фельдшері Гүлжан Аманқосқызы Жаубаева ерекше атап өтілді. Ол өз кәсіби міндетін жоғары жауапкершілікпен орындап, адам өмірін қорғауға сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Гүлжан Аманқосқызы Жаубаеваның кәсіби шеберлігі, жанқиярлық қызметі және қиын сәттерде көрсеткен батылдығы – еліміздегі медицина қызметкерлері үшін өлшеусіз үлгі болып табылады. Оның әрбір әрекеті — нағыз кәсіби жауапкершілік, адалдық пен адам өміріне деген шынайы құрметтің көрінісі. Осындай үздік мамандардың арқасында жедел жәрдем қызметі қауіпті сәттерде де халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік алады.

Денсаулық сақтау министрлігі мен басқармасы атынан барлық фельдшерлерге кәсіби табыс, қажырлы еңбек және зор денсаулық тілейміз. Сіздердің әрбір қызметіңіз — еліміздегі денсаулық сақтау саласының дамуына қосылған өлшеусіз үлес және қоғамның шынайы мойындауы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT