Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қызылорда облысында қайтарылған активтер есебінен инфекциялық бөлімше ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысының Арал ауданында көпбейінді аудандық орталық ауруханада 25 төсектік инфекциялық бөлімше ашылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

 Жаңа бөлімше жіті инфекциялық аурулар кезінде ересектер мен балаларға жедел медициналық көмек көрсетуге, ерте анықтау және емдеуді бастау арқылы аурудың асқынуы мен ауыр ағымының қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Инфекциялық бөлімшенің құрылысы 2,3 млрд теңге сомаға қайтарылған активтердің есебінен қаржыландырылды. Сонымен қатар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде аудандық ауруханада кардиологиялық және инсульттік бөлімшелерді орналастырумен қосымша құрылыс аяқталды. Осы мақсаттарға қайтарылған активтердің есебінен 2,1 млрд теңге бөлінді. Соңғы жылдары аурухана үшін 206 млн теңгеге медициналық жабдық сатып алынды, бұл материалдық-техникалық базаны айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік берді.

Енді аудан тұрғындары облыс орталығына немесе басқа қалаларға бармай-ақ тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған медициналық көмек ала алады. Соңғы үш жылда Қызылорда облысының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 450,1 млрд теңге жұмсалғанын. Бұл халықты толғандыратын өзекті мәселелерді дәйекті түрде шешуге мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн.

Айта кетейік, СҚО-да қайтарылған активтер есебінен жаңа сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды.

БҚО-да қайтарылған активтер есебінен су құбыры нысандары салынды.

Павлодар әуежайы қайтарылған активтер есебінен реконструкцияланады.

СҚО-дағы Бірлік ауылына қайтарылған активтер есебінен ауыз су тартылды. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT