Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда 30-дан астам медицина қызметкеріне әлеуметтік қолдау көрсетілді

Биыл өңірде медицина саласына жаңадан келген 31 маманға біржолғы әлеуметтік көмек берілді. Қазір тағы 68 медицина қызметкерінің құжаты қаралуда, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірде дәрігер мамандарына қажеттілік 107 бірлікті құраған. Оның ішінде 39 маман аудандық медицина ұйымдарына қажет. Сұранысқа ие мамандықтар қатарында акушер-гинекологтар, терапевтер, жалпы тәжірибелі дәрігерлер және өзге де бағыттағы мамандар бар.

Кадрлық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2023–2025 жылдарға арналған медицина қызметкерлерін өңірге тарту жөніндегі іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Мәслихат шешіміне сәйкес медицина қызметкерлеріне жұмыс орнына байланысты 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін біржолғы әлеуметтік қолдау көрсету көзделген.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа орналасқан дәрігерлер үшін «Отбасы банкі» АҚ арқылы 5 пайыздық жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы іске асырылып келеді. Аталған бағдарлама аясында бүгінгі күнге дейін 43 медицина маманы тұрғын үймен қамтылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT