"Атырау облысында 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау үшін, дайындық жұмыстары басталды", деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мәлімет бойынша, Атырау облысында 12 мен 18 жас аралығындағы балалар саны 63 138 адамды құрайды. Ал, бала емізетін және жүкті әйелдер саны – 35 362.
Оның 70%-ының COVID-19 індетіне қарсы екпе алуына қарсы көрсетілімдері жоқ.
Балаларды, жүкті әйелдер мен емізулі аналарды індеттен қорғау мақсатында облысқа кезең-кезеңімен Pfizer вакцинасының бірінші және екінші компоненттерінің 153 270 дозасы жеткізіледі.
Сонымен қатар, облысқа 2 Pfizer вакцина мұздатқышы әкелінді. 12 қарашаға дейін израильдік вакцинаның 17 550 дозасын жеткізу жоспарлануда.