Қараша айының ортасында облыста балаларды, жүкті әйелдерді және лактация кезіндегі әйелдерді коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталады, деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасының ресми ақпаратына сәйкес, 12 мен 18 жас аралығындағы балалар тұрғылықты жері бойынша емханаларда және ата-анасының рұқсатымен ғана екпе алады.
Айта кетейік, 17 550 доза көлеміндегі израильдік "PFIZER" вакцинасының бірінші партиясы 12 қарашада келеді деп күтілуде. 9 қарашада облысқа екі вакцина мұздатқыш камерасы келді. Атырау облысында барлығы 12 мен 18 жас аралығындағы 63 138 бала есепте тұр. Олардың 70%-ы немесе 44 196 адам COVID-19-ға қарсы егуге жатады.