Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда пневманияға шалдыққан 50 бала ем алып жатыр

Атырау облысында жедел респираторлық вирустық инфекцияның көбеюі байқалуда, - деп хабарлайды ATPress.kz «№ 2 облыстық ауруханасының жедел респираторлық вирустық инфекция бөлімшесінде 130 бала емделуде.

Оның 85-і бір жасқа дейінгі сәбилер және 50-інде пневмания анықталып отыр. Жалпы алғанда бір күнде 105-110-ға жуық науқас тіркелуде. Олардың жартысына жуығы өздігінен келіп жатқандар» дейді жедел респираторлық вирустық инфекция бөлімінің меңгерушісі Әсия Сидешова. Маманның айтуынша, фильтр бөлімшесінде ПТР тест қорытындысы анықталмаған науқастар жатады. Күні бүгін олардың саны 60-тан асады.

«Бір өкініштісі, кейбір ата-аналар дәрігердің көмегіне дер кезінде жүгіне бермейді. Мысалы, бір айлық нәрестелерін ауру байқалғанына бір апта өткеннен кейін ауруханаға әкеліп жатқандар бар. Бұған дейін олар сәбилерін өздіктерінен емдеген. Осы ретте учаскелік дәрігерлер бақылауды күшейткені дұрыс деп есептеймін, - дейді маман.

Бір жас, он ай болған баласымен ауруханаға түскен Ақбота Төребек сәбиінің қызуы көтеріліп, мазасызданғанын, тіпті, әлсірегеннен ұйқысынан тұра алмай қорқытқанын айтады.

«Тамақ та, су да ішпей, селқос күйде ұйықтай берді. «Жедел жәрдем» шақыртып, ауруханаға келдік. Дәрігерлер рентген қорытындысы арқылы пневманияға шалдыққанын анықтады. Дер кезінде ем қабылдағанның әсері шығар, қазір балам жаман емес. Тәбеті де ашылып, ойнай бастады» дейді көңілі орнына түскен Ақбота. Екпенің текке салынбайтынын ұғынған ана қазіргі уақытта балаларды қорғау үшін медицина мамандарының кеңесіне жүгінуді жөн деп санайды. «Үй ішімізбен коронавирус инфекциясына қарсы екпе алдық. Сәбилерімізді де керекті вакциналардың бірін қалдырмай ектіріп келеміз. Соңғы уақытта балаларға 12 жастан бастап екпе алуды ұйымдастыру жайында бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп, біліп жатырмыз. Шынымен індеттің алдын алудың бірден-бір жолы сол болса, неге қолдамасқа? Тіпті, бір жастан бастап вакцина алу қажет десе, оған да келісер едім. Өйткені, мен үшін балаларымның қауіпсіздігі бірінші орында тұрады» дейді Ақбота Төребек.

 

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521