Informburo.kz сайтында Атыраудағы N2 облыстық ауруханада инфекциялық төсек-орынның жоқтығы туралы жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта ауыр халдегі науқастар аурухананың жансақтау бөліміне түскен жоқ.
– «31 арна» хабарында айтылған оқиға осыдан екі апта бұрын болды. Қазіргі жағдаймен салыстырғанда аурушаңдық 30%-ға төмендегені байқалады, – дейді мамандар.
Сонымен қатар, соңғы аптада жедел респираторлы вирустық инфекциямен ауыратын балалардың төсек-орынмен қамтылуы 99,6%-дан 87%-ға дейін төмендеді.
Бүгінгі таңда ауруханада бос орындар тапшылығы жоқ.
Балаларға арналған «ЖРВИ» бөлімшесінде облыс бойынша 270 төсек-орын, соның ішінде Атырау облыстық №2 ауруханасында 85 төсек-орын балаларға арналған. (65 инфекциялық және 20 өкпе).
Сонымен қатар, ЖРВИ бөлімшесі емделушілерге арналған 60 резервтік төсек-орындарды бейімдеді.