Медицинаны дамытудың арқасында бүгінгі таңда диагностика мен емдеудің инновациялық, бірегей әдістері – жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкін болды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметтері бойынша осы жылдың 10 айында ЖТМҚ арқылы 15,1 мың науқас ем алды. 2020 жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 7,2 мың болған. Өткен жылмен салыстырғанда негізгі өсім МӘМС жүйесі есебінен көрсетілген қызметтерді құрайды.» - деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Ғазизов.
Қолжетімді технологиялар Жоғары технологиялық медициналық көмек қымбат тұрады және оны мамандандырылған медициналық ұйымдарда біліктілігі жоғары бейінді дәрігерлер ғана көрсетеді. 2020 жылы еліміз бойынша 122 жеткізуші ЖТМҚ қолданумен медициналық көмек көрсетті, оның ішінде 42 – сі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және 80-і міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде. Ал 2021 жылы қазіргі уақытта 151 медициналық ұйым жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді, оның 55-і ТМККК шеңберінде жұмыс істейді, ал 96 –сы МӘМС қорының жеткізушілері болып табылады. Тиісінше медициналық көмектің осы түрлерін қаржыландырудың көлемі де өсті. Атырау облысы бойынша өткен жылы ТМККК шеңберінде ЖТМҚ бойынша шарттар 39,24 млн. теңге сомаға жасалған болса, ағымдағы жылы бұл сома 241,135 млн теңгені құрады..
МӘМС жүйесінде өткен жылы шарттар 233,651 млн. теңгеге жасалды, ал биылғы жылы олардың көлемі 45 % - ға өсіп, шамамен 605, 56 млн. теңгені құрады. Жоғары деңгейде емделді 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Атырау облысының стационарларынан жоғары технологиялық медициналық қызметтердің көмегімен 384 пациент емделіп шықты. Аталған емнің құны 325,89 млн. теңгені құрады. Бұл ретте, пациенттердің басым бөлігі МӘМС шеңберінде - 293 адам жоғары технологияларды қолдана отырып емделгенін атап өту қажет. ТМККК шеңберінде егер пациентке шұғыл емдеу қажет болса, жоғары технологиялық көмек көрсетіледі. ЭКҰ-дан бағаналы жасуша трансплантациясына дейін ЖТМҚ қолдану арқылы экстракорпоралдық ұрықтандыру қызметтері көрсетілді. ЭКҰ бір циклінің құны шамамен 1 млн теңгені құрайды. Сақтандырылғандар үшін бұл қызмет медициналық сақтандыру есебінен жүргізіледі.
Жоғары технологиялық қызметтердің орташа құны 2,5 млн теңгеден асады. Мысалы, электромагнитті есту аппаратын имплантациялау операциясы талап етілген және қымбат - 6 млн теңгеден астам. Автоматты кардиовертер/дефибрилляторды имплантациялау 6,5 млн теңгеден астам тұрады. Бас және мойын тамырларына эндоваскулярлық (жаппай) эмболизация немесе окклюзия жүргізу шамамен 5 млн теңге тұрады. Сондай-ақ, ЖТМҚ көмегімен мезенхималық және феталдық бағаналық жасушаларын трансплантациялау жүргізіледі (тиісінше 620 мың және 560 мың теңгеден астам). Бұл қызметтердің барлығы пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және көбінесе медициналық сақтандыру жүйесінде тегін көрсетілді. Яғни, 12 айдың ішінде дербес төлеуші ретінде 2 125 теңгеден (жылына 25 500 теңге) төлей отырып, адам бұл сомаға құны бірнеше миллион теңге болатын қымбат операцияны ала алады. Егер сізде жоғары технологиялық медициналық көмек алу мүмкіндіктері туралы сұрақтар туындаған болса, онда шешімін табу үшін учаскелік дәрігерге жүгіне аласыз. Көрсеткіштер болған кезде ол сізді бейінді дәрігердің кеңесіне немесе қажетті диагностикалық процедураға жібереді. Медициналық көмек алуда қиындықтарға тап болған жағдайда, сіз өзіңіздің емханаңыздағы Пациентті қолдау қызметіне хабарласуыңыз керек. Бірақ, сізге сол жерде көмектесуден бас тартқан жағдайда, ыңғайлы байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласыңыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, «SaqtandyryBot» Telegram-арнасы және «Qoldau24/7» мобильді қосымшасы.