Аудандық орталық кітапханада медицина қызметкерлерінің мерекесіне орай "Деніңе саулық,дертіңе шипа сыйлаған" тақырыбында ақ халатты абзал жандармен кездесу кеші өтті.
Кездесуге орталық аурухананың күндізгі стоционар бөлімінің меңгерушісі Ақеркеш Тайшыбай Ақеркеш мен дерматолог дәрігер Гүлнар Әбділдиева келіп, кітапхана оқырмандарымен кездесті. Қос дәрігер қиын да қызығы мол мамандыққа қалай келгендері туралы әңгімелеп, мәртебелі мамандық иесі атанғандарын мақтан ететіндіктерін тілге тиек етті.
– Медицина қызметкерлері күнінің мәні мен маңыздылығы уақыт өткен сайын артып келеді. Қазіргі кезеңнің отандық дәрігерлерге қойған талабы жоғары екенін мойындау керек. Бұл талаптардың қатарына еңбекке адалдық пен білімді дамытуға деген құштарлық жатады. Дәрігерлер күнделікті адамзат өмірі үшін күресіп, денсаулықты аман алып қалуда орасан іс атқарады. Науқастарға үміт сәулесін сыйлап, дертті емдеу арқылы кеудеміз қуанышқа, бойымыз қайратқа кенеледі, - дейді дәрігер Ақеркеш Тайшыбай.
Дәрігерге құрмет көрсеткен "Арман" мәдениет үйінің «Ойыл аруы» кіші бишілер тобы мың бұралған бимен шараны әрлесе, кітапхана ұжымы жүрек-жарды тілектерін арнап, кітапхана директоры Таплғат Базарбаев кешті қорытындылап сый сияпат жасады.
Кәмшат ӘБІШ