Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ақ халатты абзал жандар құрмет төрінде

«Арман» мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара болып өтті.

Онда алдымен сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Айдулат Кенжебеков ақжарма тілегін білдіріп, Сағыз дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Ислам Қосжан мен Жасқайрат дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Уран Отаралиевті «Үздік дәрігер» номинациясымен марапаттады.

Бұдан соң, Мұқыр дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Майжан Сүйеуова, аудандық емхананың жалпы практика бөлімше дәрігері Айкөркем Аманбайқызы, Сағыз дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Гүлфайрус Дулығаева, Жангелдин дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Дәмеш Есқуатова, Мұқыр дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Жанерке Сисенова, аудандық емхананың бас есепшісі Рысгүл Қармысова, Аудандық емхананың медбикесі Гүлшара Шүйнішбаева, Ағилаш Берғалиева, Тасшағыл дәрігерлік амбулаториясының медбикесі Қымбат Қондыбаева, Тайсойған дәрігерлік амбулаториясының медбикесі Гүлмира Ақбатырова, аудандық емхананың шаруашылық меңгерушісі Қарлығаш Көбегеновалар.

52836419-978a-452b-80d8-df875e62d33c

Ал, аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ, Атырау облыстық мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Толқын Бейсқали, аудандық мәслихат депутаты Айбар Алтыбаев, «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланған аудандық мәслихат депутаты Қайырбек Баймұратов, аудандық аурухана басшысы Айнұр Тілемісова, аталмыш аурухана кәсіподақ ұйымының төрайымы Дәмегүл Меңдіғалиевалар құттықтау сөз сөйлеп, үздік мамандарға «Жанқиярлық күресі үшін» медалі және алғыс хат табыс етсе, ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан ардагерлерге мерекелік сый-сияпат сыйға тартылып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз