Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫЗЫЛҚОҒАЛЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ

Жақында,  бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған республикалық «Ұлы дала ұрпағы» атты өнер байқауы болып өтті. «Атадан мұра» қоғамдық қорына 15 жыл толуына орай өткізілген байқауға ауданнан  11 үміткер қатысты.

45-baukau Нәтижесінде,  «вокал» номинациясы бойынша Қоныстану балалар өнер мектебінің орта тобынан Ақерке Түгелбей ІІ орынды, Нұртөре Қадыр ІІІ орынды иеленсе, «аспапта ойнау» жанры бойынша Азамат Сайын ІІ орынды иеленді. Осы тұста, Ақерке Түгелбай мен Азамат Сайын 25-26 желтоқсанда Алматы қаласында өтетін Халықаралық байқауға тегін жолдама алды. Ал, аталмыш байқауға «бейнеролик» номинациясы бойынша қатысқан  Ш.Еркінов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Айбибі Темірқызы І орынды жеңіп алса, 8-сынып оқушысы Самал Мұқтар «жазбаша шығарма» номинациясы бойынша  ІІ орынды иеленіп, Алматы қаласына жолдама алды. Сондай-ақ, «қолөнер» номинациясы бойынша Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Іңкәр Тілекқабылқызы  бас жүлде алып, аталмыш байқаудың Түркістан  қаласында өтетін ІІ кезеңі суперфиналға жолдама алса, Ы.Шөреков атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы  14-16 жас тобынан Медина Медетқызы бас жүлдені иеленіп, Түркістан қаласында өтетін суперфиналға жолдама алды. Осы номинация бойынша Әдемі Жолдас І орынды, Гүлбану Сүйеуғали мен Айкөркем Қанатқызы ІІ орынды иеленсе, «Бейнелеу» номинациясы бойынша Еркеназ Ержанқызы І орынды иемденді.
Шәкірттерін  осындай жетістікке жеткізген  Сәуле Сисенова, Жарқынай Мұқашева, Эльмира Енбаева, Жанар Әбуова, Сандуғаш Мергенғалиева, Айгүл Тұрашева,  Айзада Досқалиеваларға  Құрмет грамотасы мен арнайы Алғыс хат табысталды.  

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521