Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Басты қауіп – бұралқы иттен

Аудандағы ең үлкен мектептердің бірі саналатын Мұқыр орта мектебінде өткен ата-аналар жиыны «Бала тәрбиесіне байыппен қарайық» деген тақырыпта өтті. Жиынға округ әкімі Азамат Жақсиев, қамқоршылық кеңестің төрайымы Айман Ерғалиева, аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Әсем Қуанғалина және ата-аналар мен сынып жетекшілері қатысты.

567656
Мектеп директоры Венера Мырзағалиева жиынды ашқаннан кейін округ әкімі Азамат Жақсиев алдағы уақытта балалар қауіпсіздігі мақсатында жарық жүргізу, жол салу сынды ауылда жасалтын жұмыстар жайлы айтып өтті. Бұдан соң сөз алған Табылды Нұртазин:
 – Қазір күн қысқарып келеді. Балаларымыз сабаққа қараңғыда барып, қас қарая шығады. Ауыл көшелерінде жарық жоқ. Одан қалды ауылда бұралқы иттер көп. Қараңғы көшенің қай бұрышынан шығып, баламызды қабады екен деп қорқып отырамыз. Сондықтан мен немерелерімді сабаққа өзім алып келіп, алып кетемін. Округ әкімі осы базынамызды назарға алып, ауылдың шеткі көшелеріне жарық жүргізіп берсе деген ұсыныс бар, - деді.  Бұған жауап берген округ әкімі бұл ұсыныс алдағы жұмыс барысында ескерілетіндігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жиын барысында оқушыларды электронды темекі тарту, ақша бопсалау, мектепке ұялы телефон әкелу, сабақтан қалу сынды  жат қылықтан сақтандыру мәселесі де сөз болды.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз