Атыраудағы NIS-тің химия пәнінің ұстазы Гүлзия Бейсенбекованың жұмысы II Халықаралық педагогтерге арналған климаттың өзгеруіне қатысты оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу конкурсында жеңімпаз деп танылды.
Жас ұрпақтың экологиялық сауатын арттыруға бағытталған бұл конкурс әлемнің түкпір-түкпірінен қатысқан ұстаздардың тың идеялары мен әдістемелік ізденістерін тоғыстырды. Гүлзия Сапарбекқызы ұсынған еңбектің озық деп танылуы – оның кәсіби шеберлігінің, ізденімпаздығының және педагогикалық жаңашылдығының айқын дәлелі.
Айта кетейік, жеңімпаз ретінде ол 2025 жылдың қараша айында Таиландта өтетін IV Халықаралық мұғалімдер конференциясына арнайы шақырылды. Бұл конференция аясында ол тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, әріптестерінің үздік тәжірибелерін үйренуге мүмкіндік алады.
Гүлзия Сапарбекқызын осы маңызды жетістігімен ұжым атынан құттықтаймыз!