Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҰСТАЗДАРДЫ ҰЛЫҚТАДЫ

Жақында, облыстық білім және ғылым қызметкерлері аудандық кәсіптік одағы комитеті филиалының ұйымдастыруымен ауданда білім саласында ұзақ жыл еңбек еткен ардагер ұстаздар мен мұғалімдерді марапаттау салтанаты өтті.

«Amanat» партиясының аудандық филиалының ғимаратында ұйымдастырылған шарада аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қанат Алпанов бір топ ардагер ұстазды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, жиында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай тер төгіп жүрген мұғалімдер «Аmanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Альберт Аққайнановтың, облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің аудандық кәсіптік одағы комитеті филиалының төрағасы Кенже Кәрімнің  алғыс хатына ие болды.

 Шара барысында марапат иелеріне арнап Миялы  балалар өнер мектебінің оқушылары күмбірлете күй тартып берді.

Бауыржан ЕРЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521