Қазіргі таңда, оқушылардың назарын жақсы бағытқа бұру үлкен ізденісті қажет етеді. Осы тұрғыда, аудандық оқушылар үйі оқушыларының өнерлерімен өрге жүзуі бөлек. Айталық, екі апта бұрын «Мен ұқсағым келеді» фотосессия байқауы Instagram желісінде жарияланды.
Онда оқушылар өз арманындағы тұлғаның бейнесін сомдады. Мақсат – балалардың бойында адамгершілік пен патриоттық сезімін ояту. Байқауда, оқушылар Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, «Менің атым – Қожа» фильміндегі Жанар тағы да сол сияқты әртүрлі әртістердің де рөлдерін сомдап, соларға арнайы фотоколлаж жасады. Байқау жеңімпазы Instagram желісі арқылы қолдау және пікір қаралымдары бойынша анықталды. Нәтижесінде, 4436 қаралыммен І орынды Арыстанбек Орынбасар (ағылшын тілі үйірмесі) жеңіп алса, 3666 қаралыммен ІІ орынды Айым Мұқамбет (бейнелеу өнері үйірмесі) иеленді. Ал, Аймерек Мұқтар (мәнерлеп оқу үйірмесі) 3413 қаралыммен ІІІ орынды иемденді.
Сонымен қатар, топтық есеп бойынша І орынды «Ағылшын тілі» үйірмесі, ІІ орынды «Туристік өлкетану» үйірмесі, ІІІ орынды «Мәнерлеп оқу» үйірмесі еншіледі. Байқау жеңімпаздары арнайы диплом, сыйлықтармен маратталды.
Нұрсәуле СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ