Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сарайшыққа саяхат

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында киелі жерлер мен қасиетті орындарын білудің маңыздылығын атап өтті.

Осы орайда, жақында Атырау қаласындағы жеке кәсіпкер Сара Сыдықованың ұйымдастыруымен бір топ оқушылар «Хан Ордалы Сарайшық» мұражайы қорығына экскурсиялық саяхатқа барып қайттық. Мұражайдың кіре берісінде Елбасы Н.Назарбаевтың Сарайшыққа сапары кезіндегі суреті мен қолтаңбасы қойылыпты. Одан әрі бізді мұражай қызметкері жәдігерлермен таныстырып, оның әрқайсысының құндылығы жөнінде терең түсінік берді.

Сондай-ақ, мұражай ортасында Сарайшық қаласының шағын макеті орналасқан және әйел адамдардың әшекей бұйымдары, ескі монеталар, қыш құмыралар да төрден орын алыпты. Мұндағы әрбір тарихи экспонат бізге өзіндік сыр шертіп тұрғандай әсер қалдырды. Осы тұста, бізге осындай көңілді демалыс сыйлаған кәсіпкерге және жетекшілік еткен ұстаздарымызға алғысымыз шексіз.

Даниял ТІЛЕКҚАБЫЛҰЛЫ,

№ 9 орта мектеп оқушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT