Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сәт сапар, жас түлек!

Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ұстаздар, ата-аналар!

Баршаңызды ерекше жағдайда өтіп жатырған мектеп бітіруші түлектерге арналған соңғы қоңырау салтанатымен және аттестат алу рәсімімен шын жүректен құттықтаймын!⠀ Бүгін Сіздер үшін соғылған соңғы қоңырау – өмірлеріңіздегі ең жауапты әрі қуанышты сәт. Себебі, Сіздер өздеріңіз 11 жыл білім алған алтын ұя мектептеріңізбен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алып отырсыздар!⠀

Биылғы оқу жылында аудан мектептерін жалпы саны 390 оқушы аяқтап, оның ішінде 19 түлек – «Алтын белгі», 7 түлек – «Үздік аттестат» иегерлері атанды.⠀ Қымбатты жас түлектер!⠀ Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал. Бұл – заман талабы. Сендер Қазақстанның өз ғылымы мен технологиясын, өзіндік ұстанымын жасайтын ғылым иесі болуларың керек. Кез келген кәсіп иесі өз шаруасын тың тәсілмен, жаңа әдіспен істеуге ұмтылса ғана ешкім жетпеген табысқа жете алады.⠀ Сондықтан, Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғарғы балл жинап, жүрек қалауларыңызбен таңдаған мамандық иесі атанып, жастық жалындарыңызды туған жерге, отанымыз – Қазақстанға арнайтындарыңызға сенім мол.⠀ Құрметті, Ұстаздар қауымы!⠀ Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Білім беру саласына қойылған жаңа міндеттер білім беру сапасын қамтамасыз етуге жаңа көзқарасты талап етеді, білім беру мен тәрбие үрдісіндегі мәселелерді шешу жолында білім саласы қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.⠀ Саналы да сапалы, білімді де белсенді жастары бар елдің ғана болашағы зор болмақ. Ендеше сол болашақтың иелерін даярлайтын ұстаздар қауымының алаңсыз қызмет атқарып, сапалы білім беруіне бүгінгі күні барлық жағдай туғызылып отыр. Әрдайым шәкірт жүрегіне жол тауып, санасын сәулелендіру жолында үлкен ізденіспен, шығармашылықта қызмет етіп келетін ауданымыздың барша ұстаздар қауымына зор ризашылық сезімімді білдіріп, алғыс айтамын. Еңбектеріңізге табыс, педагогикалық жетістіктер тілеймін!⠀ Сәт сапар, жас түлек!

Ізгі тілекпен,

аудан әкімі Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521