Ұлттық бірыңғай тестіне жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз айларында) өткізіледі. Білім беру грантына тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілер маусым-шілде айларында өтетін сынаққа қатысуы тиіс.
ҰБТ-ға қай кезіне болса да тапсыра беру бұл кез келген жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге берген мүмкіндік. Ақылы тестілеуге қатысу үшін әр бітіруші 2242 теңге төлейді. Бұрынғыша 5 пәннен үшеуі міндетті пәндер, екеуі бейіндік пәннен тапсырады (жоғары балл – 140). Шығармашылық таңдап отырған оқушы 2 пәннен (оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы) тапсырып, қалған пәнін оқуға тапсыратын қаласына барып тапсырады (жоғары балл – 120).
Жоғары оқу орнына түсу үшін шекті деңгей 50 балл және әр пәннен 5-тен жоғары балл жинау қажет. Ауданда мектеп бітіруші түлектері бар 14 орта мектеп. Мектеп бітіруші түлектер (329) маусым айында өтетін ҰБТ-ға өтінішті онлайн және дәстүрлі түрде берді. Наурыз айында өтетін ақылы ҰБТ елде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты кейінге қалдырылды, ашылған жағдайда маусым айының басында өткізіледі деп жоспарлануда. Ал, республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты конкурсына қатысу үшін тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізіледі. Биылғы жылы ҰБТ ережелерінде нақты өзгерістер бар. Мәселен, тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен ұсталған түлектер тестілеуге жіберілмейді және биыл ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылады.
Айта кетер жайт, ҰБТ аяқталғаннан кейін 25 тамызға дейін Астана қаласында бейнебақылау жазбасы талданып, оқуға түсушінің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда, оның ҰБТ және білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі жойылады. Осы ережелерді мектеп бітіруші түлектер дұрыс түсініп, түсінушілікпен қараулары керек. Қазіргі елде болып жатқан жағдайға байланысты ҰБТ уақыттары нақты анықталған соң қосымша хабарланады.
Занзура ЕРМЕКОВА,
ҰБТ өткізу пунктінің
Миялы ауылындағы филиал басшысы
Сурет: ашық дереккөзден