Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МҰХТАРДЫҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

 Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру, инновациялық әдістемелерді қолдана отырып, қазақ тілін оқыту бойынша мобильді қосымшалар, бағдарламалар әзірлеу, балаларға қазақ тілін жеделдетіп үйретуге ықпал ететін инновациялық идеяларды ынталандыру мақсатында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мен 35 жасқа дейінгі аудан тұрғындары арасында облыстық «Жас дарын» ғылыми жоба конкурсы болып өтті.

Жастардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, белгіленген уақытқа сәйкес ғылыми жобаларын түсіндірімді қорғай отырып, шығармашылығын, тиімділігін, нәтижелілігі, ойшылдығын көрсете білген жас зерттеушілердің  конкурс барысында өз ғылыми жобаларын қорғауға деген ынталарының зор екендігін айқын аңғаруға болады. Осы конурста аудан намысын қорғағаған Сағыз орта мектебінің 10-сынып оқушысы Мұхтар Елемес аталмыш конкурста «Дархан дала – Ақтолағай» тақырыбында ғылыми жобасын сәтті қорғап, екінші орынды иеленді. Сөйтіп, ол аудан абыройын асқақтатып оралды. Жас ғалым Мұхтардың  мерейінің үстем болуына жетекшісі, география пәнінің мұғалімі Айнагүл Күзембаеваның еңбегі зор.

Б.ІЗБАН   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT