Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мерейлі мереке

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарлама аясында ауылдарда мектеп пен аурухана салуды тапсырған болатын.

Нәтижесінде, республикалық бюджет есебінен Миялы ауылында 320 орындық орта мектеп салынып, пайдалануға берілді. Қызылқоға аудандық әкімшілігінің 26.12.2008 жылғы №316 «Миялы ауылынан жаңа ұлттық гимназия ашу туралы» қаулысына сәйкес ауданымызда тұңғыш ұлттық гимназия ашылды. 2009 жылдың қаңтар айында гимназия ұжымы алғашқы қадамын Б. Аманшин, Х. Досмұхамедұлы, №1 негізгі мектептің жоғарғы және І санатты 20 мұғалімімен бастады. Аудан орталығындағы мектептерден конкурстық негізде гимназияға 151 оқушы қабылданды. Мектепте 20 орындық жатақхана болды. Жатақханада 20 оқушы оқып, білім алды. 2009 жылы аудан әкімшілігінің ұйғарымымен Миялы ұлттық гимназиясы №1 негізгі мектеппен қосылып №1 мектеп-гимназиясы болып қайта құрылды. Ал, 2017 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Атырау облыстық Әділет департаменті, Қызылқоға аудандық Әділет басқармасының тіркеу туралы анықтамасына сай, мектеп-гимназияға ақын Ы.ШөрековтІң есімі берілді.

Бүгінде мектебімізге 10 жыл толып отыр. Он жыл ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Мектебіміздің мерейлі мерекесін атап өту онкүндігінде әр күнде әртүрлі шаралар өтіп жатыр. Мұның барлығы жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып қана қоймай, олардың бойларына тәлімді тәрбие, тағылымды тарихты сіңіру екендігі анық. Ендеше, мерейлі мереке құтты болып, ұрпақтарға ұлағат сыйлаған ұстаздардың мәртебесі биіктей беруіне тілектеспін.

Гүлмира ОРАЗОВА,

Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521